15.11.2022
  366


Автор: Жаңа жыл

Келді қоян жыл міне

Келді қоян жыл міне, құтты болсын,
Оу қазағым саулығың мықты болсын.
Қысың жылы, ұлпа қар мамық болып,
Жас келіндер жерік боп, жүкті болсын.

Қоян жылы табысты жыл болсыншы,
Әр қазақтың басына бақ қонсыншы.
Әр отбасы шаттықта күлім қағып,
Жанұяға таусылмас бақ толсыншы.

Қоян жылы қуанышқа жетелесін,
Ән менен жыр қазақты тербелесін.
Жанға жайлы жыл болып қрян жылы,
Бала-шаға қуана еркелесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу