12.11.2022
  613


Автор: Жаңа жыл

Анашым жаңа жылыңмен (анаға тілек)

Құтты болсын анашым жаңа жылың,
Жаңа күнің сыйласын қуанышын.
Аман болсын отбасы, ошақ қасың,
Жақындарың арттырып жұбанышын.

Жанарыңды анашым мұң шалмасын,
Денсаулығың қашанда мықты болып.
Жаратқаным өзіңді тек қолдасын,
Көңіл-күйің анашым күшті болып.

Жаңа жылда табысың көбейсін тек,
Жаңа бақыт, қуаныш орын алып.
Өзің жүрші анашым ортамызда,
Ынтымақтың, бақыттың отын жағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу