Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  108


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ұлагат

Өмірге айтарыңды айта алмасаң,
Өмірден шапалақты жедім дей бер.
Бергенін Отаныңның қайтармасаң,
Ұятқа ата-анаңды көмдім дей бер.
Жалыны жастық шақтың байқалмаса,
Мен бейбақ жанбай жатып сөндім дей бер.
Бақытын жалқаулықтың тойтармасаң,
Тірілей өзіңді өзің өлдім дей бер.
Өмірге айтарыңды айтып өтсең,
Мен мына дүниеде бармын дей бер.
Бергенін Отаныңның қайтып берсең,
Алдыңа даңғыл жолды салдым дей бер.
Жалыны жастық шақтың лапылдаса,
Сөндірме жалыныңды алда үрлей бер.
Әрқашан жалқаулықтан қашық жүрсең,
Адамның санатында қалдым дей бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу