Эсселер ✍️

  11.11.2022
  210


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздігімізге 31 жыл

Әр жыл сайын елімізде 16 шы желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесі тойланады. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Көптеген батыл жүректі ата-бабаларымыз бен кешегі Желтоқсан оқиғасына қатысып, өз бастарына қауіп төнгеніне қарамастан азаттық жолындағы күресте жандарын пида етті. Осынлай мамыражай күнді біздерге сыйға тартқан ата-бабаларымызбен мақтаныумыз керек. Кешегі Желтоқсаншы жастардың көтерілісі тәуелсіздікті алуымызға соңғы нүктесін қойды десек қате айтқанымыз емес. Өйткені олардың көрсеткен ерліктері мен еліне деген, жеріне деген сүйіспеншіліктері олардың бойына күш пен жігер беріп, ел үшін аянып қалмау керектігіне түрткі болды. Солардың арқасында біздер бүгінде Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығын атап өтудеміз.
Қазіргі таңда біздің еліміз азаттығын алған тәуелсіз ел ғана емес, өз Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны бар құқықтық, зайырлы төрт құбыласы тең мемлекет болып табылады. Тәуелсіздікті алған ең алғашқы жылдармен салыстырғанда Қазақстан еліміздің жай-күйі жер мен көктей. Қалаларымыз гүлденіп, ауылдарымыз түрленіп жатқаны көз алдымызда орын алуда. Көптеген биік ғимараттар салынып, түрлі көздің жауын алатын әдемі нысандар бірінен бірі өтіп «маған кел, мен әдемімін» деген үн қосып өзіне тартып жатқандай көрінеді.
Өмір болған соң ақ, қарасы бір жүреді емес пе, қандай жағдай болмасын елімізді басқарып, халқына қолдау көрсетіп, қиындықтарды шешу жолында еңбек етіп жүрген ол біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлына ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені ол қандай жай орын алса да соның оң шешімін тауып, ел алдындағы қызметін жақсы атқаруда. Бұл әрине екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің назарында күн сайын дамып келе жатқан елімізге биыл міне 31 жыл толуда. 31 жыл аз уақыт емес, адам жасымен алар болса орда бұзар отыз жастың үстіне шығып, 31 жасқа қадам басып отыр. Алдағы уақытта да Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып қамал алатын 40 жылдық мерейтойды да тойлауды қазағыма нәсіп етсін деп тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай! Әр жыл сайын аталып өтілетін 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын, қазағым!


«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жәнгір
Жәнгір 08.12.2023 22:30
мәтел
08.12.2023 22:29
Жумбак

Пікір жазу