Өлеңдер ✍️

  09.11.2022
  94


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Жаңажыл

Қолында ақ таяғы,
Маң-маң басып аяғын.
Тағы келді «Қыс Ата»,
Жаңа жыл тұр таялып.
Ақ сақалы төгіліп,
Ақ шапанға көміліп.
Жайғасуда «Қыс Ата»,
Жаңа жыл тұр емініп.
Келе жатыр жыл басы,
Арқасында дорбасы.
Дорба толы аңдары,
Ауыр дорба салмағы.
Әзірлене беріңдер,
Безендіріп «Елканы».
Ақылдасып көріңдер,
Кім боламыз ал кәне?
Аю, қоян, түлкі бол,
Өз еркіңе мысық бол.


Домаланған кірпі бол,
Көгершін боп ұшып көр.
Балық болып билесең,
Жерге аяғы тимесін.
Бірінші орын болмайды,
Үйлестіріп кимесең.
Ат мүсінін сала алсақ,
Үш коңырау табалсақ.
Үш ақ боз ат жайқалған,
«Тройка» боп байқаңдар.
Келе жатқан жаңа жыл,
Құтты болсын, қадамың.
Құлақ түрер жаңалық,
Құт береке ала кір!
Келе жатыр жаңа жыл,
Серпін беріп жаңа бір.
Жүрек жарды қуаныш,
Шаттығынды ала кір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу