Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  111


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Солдат ұлыма

Сағынамын жүрегім елжірейді,
Жанарыма жас тұнып мөлдірейді.
Сенің аман оралаған шағыңды аңсап,
Күткен шақта уақыт та өнжімейді.
Хат кешіксе өзіңнен алаңдаймын,
Өзімді өзім қолыма ала алмаймын.
Қандай күйде құлыным жүр екен деп,
Өз-өзімен береке таба алмаймын.
Ел де, ана да айналды ұлдарынан,
Сақ күзетіп Отанын түрғанынан.
Жаңылмашы өмірдің ырғағынан,
Адамдықтың көрінші шыңдарынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу