Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  170


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Өмірдің мәні

Келемін тұрып жығылып,
Өмірдің мәнін ұғынып.
Жүремін кейде ашылып,
Жүремін кейде тығылып.
Құрсаулап бойды қысады,
Тіресе кейде тығырық.
Қарасам оймен өткенге,
Артыма бір сәт бұрылып.
Өтіппін өмір сынынан,
Өзімді көрсем үңіліп.
Көрмеппін шүкір оған да,
Өмірден ешбүр түңіліп.
Шүкірлік дейсің өмірге,
Кетпеген болсаң сүрініп.
Өзіңді өзге түсіне,
Жүресің жайнап құбылып.
Түсінбей тепсе кеудеңнен,
Қалады тауың жығылып,
Өмірдің мәні осы да,
Оған да бірақ жасыма,
Тағы бір көрсет тірілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу