03.11.2022
  281


Автор: Тәуелсіздік күні

Құтты болсын мерекең келіп жеткен

Құтты болсын мерекең келіп жеткен,
Отыз бір жас есігін ашқан бүгін.
Тәуелсіздік, азаттық егеменді,
Құтты болсын туған ел туған күнің.

Желтоқсанның ызғарына төтеп беріп,
Шуақты күн еліме келіп жетті.
Отыз жылды тойлатып, отыз бір жыл,
Қадам басып ортаға еніп кетті.

Заманымыз тыныш боп, бейбіт болсын,
Елімізде қуаныш, шаттық орнап.
Байрағымыз көгімізде желбіресін,
Тәуелсіздік мерекесін тағы жалғап.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу