Өлеңдер ✍️

  30.10.2022
  326


Автор: Бақытқан Бұқатқанұлы

Ой кешеді іркіліп қасқа балаң

Ой кешеді іркіліп қасқа балаң,


Қасқа жол қайда, қалай бастамаған.


Қыс қыстау, жаз жайлауда жүрген жәйің,


Табылады кісіге баспалаған.


 


Қасқа шаңырақ астында қайнап-тасып,


Күн сайын күнге ұмтылып айбаты асып.


Өмір көрген, өркендеп мал жинаған,


Қасқа қазақ келіпті тайғақты асып.


 


Қасқа таңға үмітін жанып алған,


Қол бұлғаған алсытан сағым-арман.


Қасқа түнге қадалып кірпіктері,


Ертеңіне әзеді-ау шағынар жан.


 


Шіркін-ай, жас болсамда жатылмаған,


Кезім жоқ қаным қызып атылмаған.


Бәрі де елесім ғой сырласады,


Жапырлап оңашада жақын маған.


 


Сүрдектер жоғалама, шыңдалама,


Уақыттар әлі талай ұрланама.


Жас жүрек сезін, таны тағылық етпе,


Еркіңді күміс буға шырғалама.


 


Қасқалық қасиетке, қасыретке,


Иесің, артқаны үшін, ғасыр өкпе.


Қасқа гүл ырғала бер өз әліңше,


Тамырың аман, нарқыңды әлсіретпе.


 


Ой бағам тыншымаймын, үңілемін,


Шындыққа түбі нағыз жүгінемін.


Бір үшқын бар алыста, қалғып кетпес,


Оянсам-ақ еріксіз тігілемін.


 * * *




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу