Өлеңдер ✍️

  20.10.2022
  303


Автор: Ержанов Алмат

ҚҰТҚАРУШЫ

ҚҰТҚАРУШЫ


 


Тайсалмаған жауыннан,


Қорықпайтын дауылдан.


Қарлы боран соқса да,


Көмек берер қауымға.


 


Адассаңыз орманда,


Дала менен тауларда.


Көмектесіп, айналар


Құтқарушы қорғанға.


 


Алай-дүлей желден де,


Су тасқыны, селден де.


Барлық қауіп сейілер


Құтқарушы келгенде.


 


Күшті әрі білекті,


Мейірімді, жүректі,


Халқым аман жүрсін деп,


Әр күніңе ол тілекші.


 


Алмат ЕРЖАНОВ,


№7 орта мектептің


 «Жас өрт сөндіруші»


 кадет сыныбының әскери жетекшісі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу