Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  119


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Асығыс шыққан өлең

 


Қазағым жеңген қалмақты,
Жақтырмаймын жалбақты.


Дөңгелеген диірмендей


Қазағым болсын салмақты.


Абайдай қолды кеш сермеп,
Тістемейік бармақты.
Шақырсам шықпас бұл шабыт
Көкейге кенет тақалды.


Қолқасын өлшеп білмеген,


Құнықса суға қақалды.


Қария болар жылманкүс,


Қоя беріп сақалды.
Тәртіп тәтті соңында,


Ұнатамын қаталды.
Жаман жігіт желіксе,


Ақысына ат алды.


Оңар жігіт елінен


Бағасы биік бата алды.


Айырайық өмірде,


Қасқыр менен шағалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу