Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  350


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Дәрігер Бекей Жақыповтың рухына

Жасынан-ақ бағындырды биікті,
Төрт түлікті маңдай термен жиыпты.
Жатарында бір
Аллаға сыйынып,
Бала шақтан тек білімді сүйіпті.


Қатарлары жайбарақат жүргенде,


Оқу үшін қырық мың кесек құйыпты.
Көпшілік білді мұның шетін ғана,


Осылайша ержетті жетім бала,


«Білім қусаң қонады бақ төбеге»,


– Деген оймен кетіпті Ақтөбеге.


Мықтылармен алысып, таласыпты,
Көмек керек жандарға қарасыпты,
Жүрегі жылы жігіт оқып жүріп,


Орыс қызбен танысып, жарасыпты.


Бес елі маңдай бергенге,


Бұйырған бұйрық сенгенге.
Жолыңыз ауыр болыпты,


Ақжаулыққа келгенде.


Бірі кесір болыпты,


Бірі жесір болыпты,


Бақыт таппай бірінен,
Жаныңыз жүдеп тоңыпты.


Бөлек қой тума затыңыз,


Биік қой шыққан сатыңыз,


Ел аузынан өшпейді «Дәрігер Бекей» атыңыз.


Дертті жанға еңбегіңіз ерен теңіз,


Еліңізге емші болып елендіңіз,


Білгенге алғыс артық, тас байлықтан,


Бүгінде мың алғысқа бөлендіңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу