Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  368


Автор: Назым ХИКМЕТ

Алпыстамын бүгін мен...

Алпыстамын бүгін мен,
он тоғыздан бері бір түс көремін:
қысы-жазы, жаңбыр асты – лайсаңда
Ояу жүрем түсімде,
қилы-қилы оқиғалар ішінде.
Түс көремін толғана.
Айрылыса-айрылыса нем қалды?–
үмітімді шақырымдап қырықты,
шаттығымды – тонналап.
Шаш баяғы – тарағаным,
қол баяғы – қысқаным,
түсімді де сол күйінде ұстадым.
Сапар шектім түсіммен сол,
Еуразия, Африканы шарладым,
Америка шақырмады – бармадым.
Теңіз, Дала, Тау адамын сүйдім мен, сүйіп өту – арманым.
Түсім менің түрмеде
Еркіндіктің сəулесі.
О, көңілдің əуресі:
жүрген кезде айдауда,
түсім менің нан табатын қайдан да.
Атар таңды бірге атырдым түсіммен,
батар күнді бір батырдым түсіммен.
Түсім менің, түсім ұлы елімнің
бостандығына айналған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу