Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  109


Автор: Түрік поэзиясы

ЖАЙЛАУДА БАР БІР БҰЛАҚ

Жайлауда көп өзендер,
Ал, бұлақтар санаулы.
Бір сиқырды сезем мен,
Мазалаған санамды.
Шырын сүйіп, жас тамды,
Шын махаббат басталған.
Бұлақ көзін ашқан-ды
Фархат жарып тастардан.
Шырын қыздың сондағы
Махаббаты ғажап қой!
Сүйменімен жолдағы
Тасты тесу азап қой...
Фархат солай жары үшін
Тіл бітірген тастарға.
Жақындатқан алысын,
Сезім жолын бастауға.
Ал, опасыз Асылы
Жол берген бе Керемге?
Арман болған ғашығы
Тағдыр оған керең бе?
Орнында тұр сол жайлау,
Бүгін бəрі басқаша.
Шын ғашықтық болмайды-ау,
Бұлақ көзін ашпаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу