Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  120


Автор: Түрік поэзиясы

ҰЛТТЫҢ ЖЫРЫ

Жаншылды жанымыз, жетеді наламыз,
Отаным ойран боп, сарсылды санамыз.
Асқынды жарамыз, шығар жол, шарамыз,
Туысқан бауырмыз, бір біздің анамыз.
Бағытымыз – Хақтың жолы, ұлт жолы,
Ей, сүйікті ұлтым менің, жасай бер!
Серіктес бауырым, тықсырып індетін
Анаңды құтқару перзенттік міндетің.
Жыртылған омырау, ыңырсып сұлаған,
Қарашы сұлбасын, өлгендей бұл адам.
Отаныңа қанжар сұққан дұшпанға,
Тосқауыл боп, ұмтылмасаң – өлгенің.
Болса егер залымның зеңбірек, оғы бар,
Хақтың да жұмылған жұдырық, қолы бар.
Қызарып батқан күн ұяға қонғанмен,
Əр түннің күні бар, түнектің жолы бар.
Бағытымыз Хақтың жолы, ұлт жолы,
Ей, сүйікті ұлтым менің, жасай бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу