07.10.2022
  287


Автор: Қарттар күні

Құттықтаймын бүгін қарттар күнімен

Жасы үлкенді сыйлау, жүздеріне қуаныш ұялатып, көрген жерде иіліп бас изеп Сәлем беру, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарт ата-әжелер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, өмір жолдарыңыз біздерге үлгі, біздерге тәрбие беретін тәлім-тағылымдарыңыздың орны бөлек. Өйткені, әрқайсыларыңыздың отбасыларыңыз бен ауыо, аудан тіпті облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз зор. Пейнет жасынан зейнет жасына дейін бастан өткерген өмірдің көптеген қызықтары мен шыжықтары сіздердің тамыр жайып өркендеулеріңізге жол ашты. Талай жас ұрпақты тәрбиелеп, ел қатарына қосып, өсірдіңіздер. Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп, бала-шаға немерелеріңізге басшы болып, ақылдарыңызды айтып, баталарыңызды беріп отырсыздар. Сол үшін де сіздерге басымызды иіп, алғысымызды айтамыз.
Сонау 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Басында бұл мереке Еуропада, Америка жерінде тойланған екен. Кейіннен 1980 жылдың соңына қарай Қарттар күнін бүкіл әлем аталып өтілетін болды. Мұндағы басты мақсат — жастайынан пейнет көрген зейнетке шыққанда олардың жүздеріне қуаныш ұялату, арнайы іс-шаралар өткізіп, сыйлықтарын табыстау болатын. Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу мақсатында оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету үшін қарттар күнінде түрлі іс-шаралар болып, оларға құрмет көрсетіледі.
Қазыналы қарттарымызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз. Пейнеттеріңіздің зейнетін көріп, жүздеріңізден қуаныш кетпесін. Қарттар күні құтты болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу