Эсселер ✍️

  07.10.2022
  310


Автор: Қарттар күні

Құтты болсын қарттар күні бүгінгі

Қарттарымыз біздің баға жетпес қазынамыз. Олар үйдің төрінде отырғанда біз олардан сүйеніш іздейміз, ақыл, кеңестеріне жүгінеміз. Қарттарды құрметтеу әрбір қазақ баласына тән қасиет. Сондықтан 1-қазан қарттар күні аталып өтіледі. Бұл күні қарттарымыз үшін, оларды қуанту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп, түрлі мерекелік астар беріледі.
«Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған, Кәрілік – оны қолдануға арналған уақыт» — дейді Ж.Руссо. Расында да жас кезінде даналықты меңгеріп, бала-шағасына тәлім-тәрбие берген ата-әжелеріміздің әрбір сөздері жақсылыққа бастап тұрады. Өйткені олар өмір көрген, ащысы мен тұщысын сезіне білген, қиындықты да қуанышты да басынан өткерген жандар. Неге қазыналы қарттар дейміз, өйткені олар өмірдің ақ пен қарасын көріп, бала-шағасына тек жақсылығын айтып, жол көрсететін игі жандар. Ал біздер сол игі жандарды қуантып, көңіл-күйлерін көтеріп, жан-дүриесін шаттыққа бөлеу керекпіз. «Жас кезіңде не ексең, жасың толысқанда соны орасың» —дейді Г.Ибсен. Расында да ата-әжемізді құрметтеу бізге парыз. Оларды қуантсақ ертеңгі күні балаң сені қуантады, оларды мұңайтсақ ертеңгі күні не болары айтпасақ та түсінікті жайт. Өмір бумеранг, атаңа не жасасаң, алдыңа сол келеді...
Біздерге дем беретін, қуантатын, тілеулес боп ем беретін Қазыналы қарттарымызды 1-қазан «Қарттар күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Еңселері биік болып, жанарларын мұң шалмасын. Жаратқаным жар болып қарттарымызға барлық жақсы дүниені арнасын. Қарттар аман болып, көздерінде қуаныш болып, қарттар күнінде бақытқа кенеле берсін деп тілейміз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу