Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  79


Автор: Түрікмен поэзиясы

Қарақұм

Шөлден əбден қаталаған қайран жер,
Қабылдап ал Əмудария тасқынын!
Арманың да ақиқатқа айналды-ау,
Шұрайланып, құнар-нəрін ашты құм.
Арманың да ақиқатқа айналды-ау,
Тəңірінің бергеніне ел риза.
Дарияның басы сөйтіп байланды-ау,
Мұндай алып құрылысқа – мен риза.
Құрыш қолдар! Қопарардай тауды да,
Арна түзіп, арық қазып келеді.
Өрнек сызып кең өлкенің саурына
Қарақұмның бағын ашып береді!
Мақташылар жорық салып, беттейді
Қу тақырға, құм суырған өңірге.
Қарақұмда бау мен бақша көктейді,
Өрік гүлдеп, гүлзар жайнап жерімде.
Құжыралы ауыл өсіп, қала боп,
Рельспен пойыз жүйткіп зулайды!
Құдды мен де кеткендеймін бала боп,
Қуаныштан тасып қаным тулайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу