Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  132


Автор: Түрікмен поэзиясы

АНАМА ХАТ

Ана, саған қандай сыйлық алайын?
Жырларымнан əлде алқа тағайын...
Бірақ жырды өз ұлыңдай аймалап,
Бола алуың мүмкін бе екен көзайым.
Мінезіңді білемін ғой мен сенің,
Бəлкім, маған арттың сонда мол сенім.
Өзіңді де, өзгені де мақтаумен
Уақытыңды бос өткізбе деуші едің.
Құбатөбел қоңыр тұрмыс – еншіңдей,
Хош иісті əтірді де менсінбей,
Қымбат алтын сақина алып, сыйласам,
«Оның маған қажеті не» дейсің ғой.
Қызықпайсың күміс білезік, сырғаға,
Кітап берсем, оқымайсың біржола.
Дəрі-дəрмек сыйлар едім,
Ал бірақ
Тəуірі оның табылмайды мұнда да.
Сыйлайын ба қырдың қызыл түлкісін,
Сəнді жемпір, əсем көйлек,
Біл, түсін:
Табылмайды іздегенмен панбарқыт,
Саудагерлер ұмытты оның түр-түсін.
Өткен жылы «Кебісім жоқ, жан балам...»
Деп жазып ең,
Үнсіз қалдың сен содан.
Сұлуларға табылады-ау сан сыйлық,
Жалғыз анам... Не сыйлайын мен саған!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу