Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  110


Автор: Түрікмен поэзиясы

Күз

Жапырақтар жауған қардай қалбаңдап,
Таңның демі қоюланып келеді.
Алабұртып тыныш көңіл енді ол да,
Жан дүниеңе бір дабылдар береді.
Өзіңнің де қосылғың кеп кетеді
Аққулардың үйіріне кенеттен.
Бұлақ болу саған аздық етеді,
Үлкен өзен болғың келер өр, өктем.
Күз келеді оқыс сəтте қас қағым,
Жүрегіңді жалын буып, от орар.
Еске түсіп ерте кеткен достарың,
Жандарыңа рақым тілер шақ та бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу