Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  111


Автор: Түрікмен поэзиясы

ƏМУДАРИЯ

Əмудария, Əмудария,
Толқын атқан күшті-ау селің.
Жосы дария, тасы дария,
Қойның толы құт қой сенің.
Құлашыңды бір кер жазып,
Гүл бақшаға бөле шөлді,
Жағаңда өзбек, түрікмен, тəжік
Бақыт құшып телі өседі.
Кептіріп ел кенезесін,
Текке ағып жатпадың ба?
Енді бізге нан бересің,
Бересің сен мақтаны да.
Жағаңа егін салдыртасың,
Гүл боласың, шалқар ертең.
Елің үшін мөлдір тамшың,
Бадандай гауһарға тең.
Əмудария, Əмудария,
Толқын атқан күшті-ау селің,
Жосы дария, тасы дария,
Қойның толы құт қой сенің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу