Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  105


Автор: Нұржан Наушабаев

БӘТИМАҒА

Бұл дүниенің жалғаны-ай!
Пенденің бітпес арманы-ай.
Әркімге мирас бұл өмір
Жапанда сөніп қалғаны-ай.
Жан иесі құтылмас
Құрығын Хақтың салғаны-ай!
Он сегіз мың ғаламды
Ғаділдікпен жаратқан
Пендеге хаси болмаңыз,
Не қылар деп Алланы-ай!
Жатырмысың, асыл зат,
Басыңа келіп жаздым хат.
Біз де бір елдің тентегі,
Құрып та жүрген саясат.
Көк тасында жазылған
Бәтима деген сіздің ат.
Келді көңілім бұзылып,
Рухыңа бағыштап,
Жастық пенен мастықта
Етпедік ешбір ғафулат.
Туған жерің, шырағым,
Тобылда судың жағасы.
Өскен жерің желкілдеп –
Мезгілдің сары ағашы.
Мәңгілік алған мекенің –
Жапан түздің даласы.
Әр уақытта үзілмес
Елдің де жетіп қарасы.
Басына тамды салдырған,
Қалайша қылып өнерлеп,
Решеткемен темірлеп.
Ата-анаң қандай данышпан?!
Пақырдың берсін тілегін.
Қабыл қылсаң, зүлзалал,
Атымды бұған жазбаймын,
Ара-Тобыл қазағы,
Дәргейлерім бар болса,
Артымнан іздеп білер деп.
Бір жақсының алдында,
Алды-артыма қарамай,
Бір ақымақ сөгер деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу