Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  127


Автор: Нұржан Наушабаев

БЕСІНШІ НАЗЫМ

Әй, Нұржан, биыл шықтың отыз беске,
Тәлім айт бұдан былай ізгі іске.
Білместен балалықтың әсерімен,
Тиянақты айтпадың қалып кешке.
Белден асып, қырға да шығып тұрсың,
Ғұмырың өтіп кеткен кірмес түске.
Қайтып тұр бұл уақытта көңіл біздің,
Әуре боп бөтен жаққа желдемеске.
Әркімнің көңілін аулап бұл шамаға
Сүйретіп алып келдім салып күшке.
Әй, Нұржан, бір сөз баста қылып сауық,
Желіктің әр нәрсеге көңілің ауып.
Мақтанба көңілінен шығардым деп,
Орын жоқ бұдан жүрген пайда тауып.
Ақирет, дүния қамын бірдей ойлап,
Ойыма кірмей кетті ешбір қауіп.
Біреуін бір Құдайға тапсырғаным,
Тоқталдық еркімізше шауып-шауып.
Келдім деп бұл шамаға белестеніп,
Көңілімнен кетпейді әлі елестеніп.
Атаққа ақымақ деген ұшырадым,
Әуре боп көрінгенге әуестеніп.
Шетін іс ойға түсіп, дал боламын,
Бойымды тер қысқандай сірестіріп.
Кейбірде атқа шыққан бекзаттармен
Жүрдім ғой жігіттікте шінестіріп.
Бәріміз көрген нәрсеге еттік үміт,
Ой мен күлкі иесі болып жігіт.
Өлшенер ізгі, жауыз әр амалда,
Тоқталып асылықтан, көңіл бекіп.
Жолына әһіл шарғи бас қоймадың,
Қаншама анаң марқұм қылмады үгіт.
Адамға ең әуелі керек ақыл,
Жүруде жоқ қасиет болып ғафіл.
.............................................................
Бұрынғы муштахидтар айтқан нақыл.
Белгілі ниғматлардың қадірін біл,
Тарихат әһіліна болып дахыл.
Ақырындап ұйқыңды аш, оян, Нұржан,
Тілегің қабыл болмас, етсең фәғам.
Ешқашан сөз асылы болмас ғафіл,
Көңіліңді ықыласпен салсаң бұған.
Өткерген көп мехнатың зайғы кетер,
Біл мұны, пенде болсаң мойынсұнған.
Сыйынып бір Алланың рахматына,
Мансұқ қылып өткенді шығар ойдан.
...........................................................
Текке өтті әурелікпен өмір зайғы,
Бұйырған парыздарды ада қылмай,
Болар ма жай жүрудің лайығы?
Біздерді әуес еткен әр түрлі ойға,
Келемін бірте-бірте айтып маңға.
Қадір қайтар күндерді раушан ойлап,
Отырсың рахмат оқып қауым жанға.
Азырақ өз жайымды сөз қылайын,
Біз жүрдік ғылаф іске болып дайын.
Ететін ибадатқа болып шұғыл,
Кір қалмас кірсең таңда зәредайын.
Пенденің тығырықта ақылы жетпес,
Бастамаса ізгілікке қадір етпес.
Арттырар етсе талап құрметтерін,
Керек қой ада қылмақ міндеттерін.
Пендеге ықыласпен жүрмек жақсы,
Атқарып парыз, уәжіп, сүнеттерін.
Сұрары екі дүниенің фақыры жаҺан,
Қор қылмас, иншалла, үмбеттерін.
Шамадан һауаланып жүрмес кетіп,
Сөйлейміз шамадан тыс күнәні етіп.
Қалдырмаймыз фақырды язал жәләл,
Тәжілі нұрыңнан мақұрым етіп.
Мен пақыр да болмадым жастықпенен,
Жігіттікке асырланып мастықпенен.
Күнімді патшам ойлап, ғафу етсе,
Не арман егер өтсек хоштықпенен?!
Жын қонды ма уақытында тіл алдырмас,
Ұйтқылы бір адамсыз ел құралмас.
Қарауға барлығы бір адамзаттың,
Қиындық, жапа шекпей ер сыналмас.
Бұл дүния жеткізбейді қуғанменен,
Қуға да күнә болмас туғанменен.
Болғанын қарға сұңқар көрдіңіз бе,
Құр бекер сипаты ұқсап тұрғанменен?!
Қарақұс баулығанмен бүркіт болмас,
Қара су сапырғанмен іркіт болмас.
Ықыласы риядан болса егер,
Әсерсіз жалған досты ертіп болмас.
Тар жер, тайғақ кешуде жанын берген
Ер көңілін дүние үшін жыртып болмас.
Көрініп жәбір, жолдастыққа жарамайтын,
Міндетті жамандарға артып болмас.
Көгертпес жауғанменен тасқа жаңбыр,
Алланың бергеніне еткін шүкір.
Қалыптан асып, қылма күпірлікті,
Жігіттік һауасында болып мағрұр.
.................................................................
Жаратты жанға жағып Раббым қадыр.
Әзелде Лаухул Махбуз тақтасында
Бұзылып өзгерілмес болған тағдыр.
Һәріне болашақтың Хақтан-дүр деп,
Не берсе, разы болып, еткін сабыр.
Жаратты төрт нәрседен тәнімізді,
Не болса, білер Алла халымызды.
Айлакер, ғафу-рахман, болса қатам,
Қауымында мұсылман жанымыз-ды.
Телміртіп бір нәмартқа айтпа мұқтаж,
Дүнияда қабыл ойлап, зарымызды.
Бұл күнде бұрынғыдай көңіл түзіп,
Құның кетіп, үзіп тұрмыз жалымызды.
Жастық пен жігіттікке һауаланып,
Тазалап жүре алмадық жолымызды.
Жақсының қатарына кіре алмадық,
Созам деп әр тарапқа қолымызды.
Бұлбұлға еліктеген қарғаға ұқсап,
Әуре боп, шайқап алдық тоғымызды.
Білгенге оңай емес менде нұсқа,
Кетпесін зайғы болып зиқым босқа.
Семіртіп құр терлікке, бір үлгісіз
Біз жүрміз әуре болып, ойлап қысқа.
Бағзы бір бұл күндегі адамдардың
Болады тілі бірге, көңілі басқа.
Біреулер бір сөз қылар іс табылса,
Сыпыртып жамандауға қандай ұста?
Ауызда тіл біреу деп жатқан жылан,
Тебіренсе шаттылықпен емес күмән.
Айырар балдан тегін таза қылып,
Ғибрат алсаң ізгі даналардан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу