03.10.2022
  922


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕҢБЕК

Талай бала шынықты
Барып биыл орманға.
Ектік көп-көп шыбықты
Тағы да біз сол маңға.
Күндердің бір күнінде
Өседі ол ырғала.
Демалады түбінде
Өзіміздей бір бала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу