Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  383


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖІГЕРЛЕНУ

Иә, күткенбіз мұны біз –
Бұрынғыдай күн қайда?
Бірімізді біріміз
Қолдау керек мұндайда.
Осы ғой бар түріміз,
Басқа кімге сенеміз?
Бірімізге біріміз
Жігер беріп келеміз.
Асылбекте ақыл мол —
Жағдайымды түсінді.
Деді маған:
— Батыл бол!
Сосын қолын ұсынды.
Молаяды уайым да
Өстіп ұзақ күткенде.
Дедім мен де Сайынға:
— Сескенбеші түктен де!
Аманбай да өзінше
Бізден қолдау күтті ме,
Деді жұрттың көзінше:
— Қорықпаймын тіпті де!
Кім үн-түнсіз қала алар,
Көңілге мұң толады.
...Бүгін ата-аналар
Жиналысы болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу