Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  181


Автор: Ертай Ашықбаев

Бәйге

Бәйге қырат — алдымыз,
Соңымызда жатыр із.
Несіне таң қалдыңыз:
Бір-бір шыбық —
атымыз.
Шаң жұтқаным ұят тым,
Шүу, жүйрігім,
самғашы.
Көшірмесі тұяқтың —
Бес башпайдың таңбасы.
Күнге күйген сирақтар
Малынады тозаңға.
Келе жатыр қинап хал:
Озбаймын ба,
озам ба?
Соңымызда жатыр із,
Жасаурайды көзіміз.
Озып келер атымыз,
Ентікпесек... өзіміз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу