Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  66


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЫ

О, каникул басталды!
МӘЗ-МЕЙРАМБЫЗ, міне, біз:
Шырқап енді басқа әнді,
ЕМІН-ЕРКІН жүреміз.
Сауық құрып бірлесіп,
Орманға да қонамыз.
АБЫР-САБЫР күн кешіп,
МӘРЕ-СӘРЕ боламыз.
Әкелемін үзіп мен
ҚЫЗЫЛ-ЖАСЫЛ гүлдерді.
ШАТ-ШАДЫМАН қызықпен
Өткіземіз күндерді.
Жуынамыз бұлаққа,
Жұтамыз кеп шырынды.
...Ұмытпаймыз бірақ та,
СЫҢҒЫР-СЫҢҒЫР бір үнді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу