Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  98


Автор: Ертай Ашықбаев

БҰЙРЫҚ РАЙДЫҢ ТАҢҒЫ ӘУЕНІ

Келіп тұр таң күліп,
Нұр шашып жалпыға.
ӨЗГЕРМЕ, заңдылық,
Алтын күн, ЖАРҚЫРА.
Ақша бұлт, ҚАЛЫҚТА,
ҮҢІЛ көл-айнаға.
ҰШ, торғай, ЖАЛЫҚПА,
Самал жел, АЙМАЛА.
СЫБДЫРЛА, жапырақ,
ТЕРБЕТІЛ, қайыңдар.
(Барлығы мақұл-ақ,
О, қандай уайым бар!).
ЖАЙНА, гүл, шошынбай,
Ақ бұлақ, САРҚЫРА.
...Таң,
дәйім осындай
БОЛЫП КЕЛ халқыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу