Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  65


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨПТІК ЖАЛҒАУЫНЫҢ КӨҢІЛДІ СӘТІ

Тауға шықтым,
қараңыз,
Аппақ бұлттан алдым нәр.
Қандай көркем даламыз —
ШабындықТАР,
шалғынДАР.
Әр жыл сайын санаңыз,
Бұзылмайтын бір заң бар:
Қандай көркем қаламыз —
СаябақТАР,
гүлзарЛАР.
Құстар ұшты шошымай,
Құшақтасты көк пен жер.
Қуантады осылай
Бізді дәйім көктемДЕР.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу