Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  83


Автор: Ертай Ашықбаев

19.30

О, бітірдім ісімді,
Тұрдым сертім-сөзімде.
...Кешкі тамақ ішілді,
Еркім енді — өзімде.
Мияулай бер, мысығым,
Теледидар сайрасын.
Жүгір, секір, ұш, інім!
Компьютер, қайдасың?
Сыңғырлайды ән, міне —
Бейне күміс шашылған.
Айтсын көкем әңгіме,
Ата, сипа басымнан!
Пайдалы боп өтті күн,
Әрбір ісім — қанша мән?!
...Еш шаршағам жоқ бүгін,
Ертең де мен шаршаман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу