Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  85


Автор: Ертай Ашықбаев

16.00

Ертеңгі күн, ұмытпаймын,
О, белгілі жайың маған!
...Жалқаулықты құрықтаймын,
Сабағыма дайындалам.
Сірә, неден түңілемін,
Қай кітап та жат па маған?!
Тапсырмаға үңілемін,
Ережені жаттап алам.
Пысықтаймын білгенімді,
Шағын бөлме — шартарабым.
Әлсіретпеу үлгерімді —
Зор мақсатым, нар талабым.
Ұқыптымын, осындаймын,
Өткен жоқ күн текке, міне.
...Ертең түк те шошынбаймын,
Күліп барам мектебіме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу