Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  179


Автор: Ертай Ашықбаев

14.00

Тыңдаңызшы апам айтар ақылды:
«Түскі тамақ — күшті тамақ, татымды.
Дәмді сорпа тәбетіңді шақырар,
Қуырдақ бар қасығыңды батырар.
Салат та бар, пайдалы нәр бұл аса,
Палау да бар, дәм татып көр, ұнаса.
Қалауың не: құс еті ме, балық па?
(Үйір болма ылғи кәмпит, қантқа).
Не сұрайсың: компот әлде айран ба?
Ішіп-жеп ал, қуат жина, жайраңда.
Түскі тамақ — күшті тамақ, татымды».
... Ұмытпаймын мен осы бір ақылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу