Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  91


Автор: Ертай Ашықбаев

10.10

Не көрмеді бұл дала —
Оқитыным көп менің:
Тарих — терең жылнама,
Тарих — менің өткенім.
Кеңейеді ұғымым,
Керіледі желкенім:
Тарих — менің бүгінім,
Тарих — менің ертеңім.
Өтер құлдыр-құлдыр шақ,
Салмақтанар сөзіміз.
Ғажап істер тындырсақ:
Тарих — біздің өзіміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу