Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  75


Автор: Ертай Ашықбаев

07.30

Қойылатын талап маған
Өзгермейді, міне, мүлде:
Асықпай мен тамақтанам —
Ас бөлмеге кіремін де.
О, ұнайды қаймақ маған,
Ботқа жеймін. Бәліш, міне.
Тоқ жүрсем мен — қайраттанам,
Тез тындырам әр істі де.
Шайдан қалай бас тартамын?!
Кел-кел, кәмпит, қасыңдамын.
...Рахмет, дастарқаным,
Азаймасын асың, дәмің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу