Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  70


Автор: Ертай Ашықбаев

07.00

Нұр-сәуле сыйлады —
Алтын Күн келді де.
Түн жүгін жинады.
...Ояндым мен, міне.
Шыр етті Сағатым,
Бұл — Таңның жарлығы.
Қақты Құс қанатын.
...Оянды барлығы.
Сілкінді Қарлы Шың —
Ұйқысын үзді де.
...Жаңа күн, армысың!
Ояндық біз, міне




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу