Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  239


Автор: Ертай Ашықбаев

АПТА

Біздің ақ лақ ерке бала секілді,
ДҮЙСЕНБІДЕ тастан тасқа секірді.
СЕЙСЕНБІДЕ қуды тауық, үйректі,
СӘРСЕНБІДЕ көген жіпті сүйретті.
БЕЙСЕНБІДЕ күні бойы ақсады,
ЖҰМА күні кезіп жүрді бақшаны.
СЕНБІ күні гүл-шашақты жеп алды,
ЖЕКСЕНБІДЕ шаршады да демалды.
Осылайша өте шықты бір АПТА,
Лағым — осы, ұнат, мейлі, ұнатпа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу