Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  49


Автор: Ертай Ашықбаев

АВТОБУСТАР

Тастап шықтық жатын бөлме,
ас үйді,
Енді бізді АВТОБУСТАР тасиды.
АВТОБУСТАР мектеп жаққа беттейді,
Ешкімді де жолға тастап кетпейді.
Маршрутты күндегіше жалғайды,
АВТОБУСТАР кенет сөніп қалмайды.
Қозғалады уақыттан кешікпей,
Тербетеді көп адамдық бесіктей.
Тербетеді,
содан басқа не істесін,
Сұрамайды көбейтулер кестесін.
Талдатпайды сөйлемдерді құрмалас,
АВТОБУСТАР қызметін бұлдамас.
Ал... мектеп пе?..
жақын қалды...
жақын-ақ...
Біздер кеше тек доп қуған ақымақ.
Ешбір бала шаттанбайды,
күлмейді.
Неге бұлай?..
...АВТОБУСТАР білмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу