Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  161


Автор: Төреғали Тәшенов

Адыраспан

Ассалаумағалейкум, Адыраспан,
Армысың, қасиеттім қадірі асқан!
Алдыңа қол қусырып, тәжім еттім,
Қылығым болса кешір, Тәңірі, астам.
Ассалаумағалейкум, Адыраспан,
Қалт айтпас неткен дана халық асқан:
«Аластап жібер, – деген, – түтініңмен,
Жер болса, жын иектеп, пері басқан».
Ассалаумағалейкум, Адыраспан,
Жер тозып кеткенімен, азып аспан,
Гүл жарып ниет-дұға арқасында,
Тұрсың ба, қасиеттім, қажымастан?!
Адыраспан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу