Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  189


Автор: Төреғали Тәшенов

ӨРТ ІШІНЕН АМАН ШЫҚҚАН ГҮЛДЕЙМІН

Күнде, мейлің,
Міне, мейлің,
Күл, мейлің!
Өрт ішінен аман шыққан гүлдеймін.
Талайсыздан тай торысы Тәңірдің,
Қоғамның қой торысы боп жүр деймін...
Кей үмітім –
мезгіл ұрған өкпеден,
Күн асты емес, көң астында көктеген...
Бақ деген –
бір бақа айғырдың қасқасы,
Бұрыс қонып, дұрыс ойға шөкпеген.
Шалмаса да жиі шабыт – шабан кер,
Менің кеудем –
жазылмаған кәлам-шер.
Кеңдігінен кемдік көріп жүретін
Маған емес,
Маңдайыма сәлем бер!..
Түсін бермес,
Іші түгіл, жазған бас,
Жер қозғалар – Төреғали қозғалмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу