👈 қаріп өлшемі 👉

Бексұлтан Нұржекеев

Нұржекеев Бексұлтан (22.2.1941 жылы туылған, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) — жазушы. ҚазМУ-ды бітірген (1965).

1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты. “Жалын”, “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986), “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры. Оның “Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген. “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған. “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген. “Құрмет” орденімен (2000), бірнеше медальдармен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы