Келдебеков Қанат

Мен Келдебеков Қанат Қарақұлұлы 1987 жылдың 25 наурызында Келес (қазіргі Сарыағаш) ауданы, Бозай өңірінде дұниеге келдім. 1993 жылдың кұзінде ауылымыздағы (бұрынғы и55) 128 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 1-сыныбына бардым. Мектеп қабырғасында жүргенімде әдебиетке қызығушылығым оянды, көптеген ақын-жазушылардың кітаптарын, батырлар жыры, дастандар оқыған соң ба, әлдебір тылсым КҮШ менің әдебиетке құштарлығымды арттырды. Оқушылық жылдарымда тұрлі мектепішілік, аймақтық, аудандық пән олимпиядаларына қатыстым. Мектепті 2004 жылы жақсы аяқтап, сол кездегі Сарыағаш ауданы әкімінің марапаттау грамотасына ие болдым. Осы жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласындағы «Шымкент» университетінің филология факультетіне оқуға ТҮСТІМ. Екінші курста оқып жүргенімде университетте ұйымдастырылған Абай онкұндігінде «Қылқалам шебері», көркемсөз оқу сайыстарының жеңімпазы болдым.

1-курстан бастап түрлі кітапханалардың іс-шараларына қатысып, грамоталарға ие болдым. 2-курстан бері Қ. Рысқұлбеков атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған «Жас өркен» клубының мұшесімін. Бұгінде университеттің соңғы 4-курсында оқимын және »Шұғыла» газетінің тілшісімін. Өмірдегі басты мақсатым-журналистиканы жетік меңгеру. Ал арманым-шоқтығы биік жазушы болу.

Бос уақытымда әдеби кітап оқығанды, табиғат аясында серуендегенді ұнатамын.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: