Дүниежүзілік ұл балалар күні

22 қараша - Дүниежүзілік ұл балалар күні. Отбасында ат ұстар азаматтың дүниеге келуі үлкен қуаныш болып саналады. Себебі кез келген ата-ана олардан үлкен үміт күтеді. Сондықтан балаларының бойына мейірімділікті баулып, ерекше сүйіспеншілігін көрсетеді. Ұл бала - шаңырақтың иесі әрі отын тұтатушы деп есептелгеннен кейін қазақ оның бос белбеу болып өсуіне жол бермеген. Ал әкелер мұрагері болатынына қуанып, балаларына көлік жүргізуді, футбол ойнауды үйретеді. Бұл мерекені ұлы бар отбасылар атап өтеді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ