Мұхтар Жәкішев

Мұхтар Жәкішев - 1998-2001, 2002-2009 жылдар аралығында уран өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен компания әлем нарығында орнын нығайтып, уран өндірісін айтарлықтай арттырды. Канада, Ресей, Қытай, Франция, Үндістан және Жапонияның бірнеше корпорациясымен тығыз жұмыс істеді.

2009 жылы Мұхтар Жәкішев «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» және «мемлекеттік қаражатты жымқырды» деп айыпталып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Түрмеде ол 15-тен астам ауруға шалдықты, бостандыққа шыққанша денсаулығы тым нашарлап кетуі мүмкін болған. 2019 жылы Қазақстанның бірнеше қаласында жалғыз адамдық пикеттер өтті. Белсенділер Мұхтар Жәкішевтің босатылуын талап етті. Олар Жәкішевті саяси тұтқын деп санайды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: