Алмагүл Жұмажанқызы

Алмагүл Алтайдың Жеменей ауданында, белгілі ақын, мәдениет қайраткері Жұмажан Әбілғазыұлының шаңырағында, 1965 жылы 1 тамызда дүниеге келген. Әке өлеңін жаттай жүріп әдебиетке әуестенген ол табиғат тарту еткен ақындығы арқылы халыққа танылып келеді.
Ақын Алмагүл 1998 жылы Шыңжаң өнеркәсіп институтының химия-өнеркәсіп факультетін бітіріп, ШҰАР химия-өнеркәсіп мекемесінің Сілті заводына қызметке орналасады. Ол техниканың тетігін меңгере жүріп, ірі химиялық құрылысты жобалайтын, жүргізетін, басқаратын әкімшілік қызметтің де биігінен төбе көрсетті.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: