Нұрила Қызықанқызы

Ол 1951 жылы 13-наурызда Алтай қаласының Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1979 жылы «Шыңжаң газетінде» жарық көрген «Аспан» атты өлеңімен әдебиетке қадам жасаған. Содан қазірге дейін 5 поэма, 1 баллада, 4 повесть, 30-дан астам әңгіме, 20-дан астам ғылми мақалалары жарияланған. «Ана жыры» альманағындағы топтама өлеңдерінен кейін «Солтүстік үйек жарқылы», «Ауыл әуендері», «Аңшылық хикаяттары», «Бақыттың иісі» атты кітаптары жарық көрді. «Ертістің аржағынан» атты өлеңдер жинағы Қазақстанда басылып шықты. Ал, «Аңшылық хикаяттары» ханзу тіліне «Ең соңғы аңшы» деген атпен аударылды. Сонымен бірге бұл кітап Қазақстанда басылым бетін көріп, зерттеушілердің жоғары бағасына ие болды. Зерттеу сипатты тараушалары Мемлекеттік Орталық музейден шығарылатын арнаулы энциклопедиялық кітапқа енді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: