Білге қаған

Бiлге қаған (көнетүркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны.

Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.

Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.

Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.

Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: