Ноғайбай Дәулетбақұлы

Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834, Жамбыл облысы Қордай ауданы-1910, Жамбыл облысы Қордай ауданы) – Жетісу өңіріне белгілі шешен, би. Дулат тайпасының Жаныс руының Қасқарау бұтағынан.

Әкесі Дәулетбақ, арғы атасы Малдыбай Жетісудағы қазақ, қырғыз жұртына бірдей аттары әйгілі адамдар болған. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған. Ресей үкіметі Ноғайбайдың беделін пайдалануды көздеп, бір жағынан оның Қоқанға қарсы соғыста көрсеткен еңбегін ескере отырып әскери шен (кейбір деректерде полковник) берген. Қордай ауданы Қарасу а-нда Ноғайбайдың күмбезі бар.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: