Бөлім: «Баталар»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Дастарқанға бата
Дастарқаныңнан дәм кетпесін,Көңіліңнен сән кетпесін.Ұрпақ, ұлыс аман болып,Өміріңнен мән кетпесін.Әумин.
Қысқа нұсқа бата
Жақсымен жанасып жүр,Жарлыға қарап жүр.Шалқудың шамасын біл,Ақ-қараның арасын біл.Әумин.
Қысқаша бата
Құдай пейіл тарылтпасын,Қуаныштан арылтпасын,Халқым ешбір қамықпасын,Қасиеті шарықтасын.Әумин.
Біз бата берелік сізге!
Әумин десең бізге,Біз бата берелік сізге!Жасың жетсін жүзге,Желің кетсін жүзге,Желің кетсін құла түзге!Мен мен басты,Иман мен жастыҚабат бермейді..
Әуелі Алла оңдасын
Әуелі Алла оңдасын,Пайғамбар болсын жолдасың,Өткендерді ойласамАруақтар қолдасын.Сыртыңнан ғайбат айтқан жан,Тап өзіңдей болмасын.Ризығың, дәулетің..
Көпшілікке арналған бата
Я, тәңірім, жарылқа,Жарылқағанның ішінде ет.Түгел пәледен аман ет,Сақтағайсың сәлемет.Кешкі тілеуін зарықтырма.Аузы қанды бөріден сақта,Қолы қанды..
Бата беру
Жаңбырсыз жаздан сақта,Жапа шеккен аздан сақта.Қасиетсіз кектен сақта.Кегін қуған көптен сақта.Бұлттың аласынан сақта,Жаудың жаласынан сақта.Елдің..
Әдемі бата
Ғайбат сөзден сақта,Мезгілсіз өлімнен сақта,Кеудемсоқ келіннен сақтаТатымсыз тұздан сақта,Арсыз қыздан сақта.Қайырымсыз зордан сақтаЖаңбырсыз жаздан..
Жеңіл қысқа бата
Бақытың дәулетіңмен таса берсін,Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,Құдайым маңдайыңды аша берсін.Әумин.
Қысқа бата
Бір құдайым оңдасын!Оң жолына бастасын!Үйіңді түрлі апаттан,Құса-қайғыдан сақтасын,Үміт артқан ұл-қызың,Ел сенімін ақтасын!Әумин.
Қауымға арналған бата
Бір Алла панасын берсін,Панасын берсе, баласын берсін.Баласын берсе, данасын берсін.Оны қимаса, қарасын берсін.Бір құдай бар қылсын;Малы жоқты бай..
Көпшілікке арналған жақсы бата
Уа, жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл!Жарылқағанмен жалғас қыл:Ала ауызды алмас қыл,Қорғанғаннан қалыс қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк..
Қоғамда айтылатын бата
Далақтатар даудан сақта,Жалақтаған жаудан сақта!Ашыққан бөріден сақта!Ашынған ұрыдан сақта!Қара жердің көрінен сақта!Дауылдың кәрінен сақта!Жыланның..
Көпшілік
Жас баланың күлкісін бер,Жас ананың ұйқысын бер.Жомарттың қолын бер,Жортқыштың жолын бер!Қыздың қылығын бер,Судың тұнығын бер,Асаудың арынын..
Көпшілікте айтылатын бата
Күнің шуақты болсын,Көлің суатты болсын!Қонысың өрісті болсын,Еккенің жемісті,Еңбегің кейісті болсын!Жұлдызың ағаңда болсын,Құндызың жағаңда..
Көпшілікке арналған бата
Жарылқа, алла, қабыл ет,Жарылқаудың қамын ет!Ізет абырой, бақ, дәулет,Қызыр қарап, бақ қонып,Не тілесең,Соның бәрін қабыл ет!Әумин.
Ағайынға арналған бата
Ханның тақытын берсін,Игі жақсының бақытын берсін,Батырдың жүрегін берсін,Балуанның білегін берсін,Бидің әділ төресін берсін,Кәрінің ақыл-кеңесін..
Ағайын
Құдай пейіл тарылтпасын,Қуаныштан арылтпасын.Халқым ешбір қамықпасын,Қасиеті шарықтасын.Әумин
Ағайынға бата
Ағайының ала болмасын,Ақыл-ойы шала болмасын,Татулығы шырақ болсын,Табыстары бұлақ болсын.Бірлігіне біте түспесін,Тірлігіне түте..
Әскерге баратындарға
Оң болсын, балам, сапарың,Молықсын дәмің, татарың.Туған елің тапсырған,Парызын өте Отанның.Барып келіп жатыр ғой.Өзіңдей жастар – қатарың.Халықтың..
Рамазан айына бата
Жарылқасын Құдайым,Тарттырмасын уайым.Мухаммедтің ақ жолын берсін,Хазірет Омардың күшін берсін,Әбубәкірдің әділдігін берсін,Не берсе де Аллаһ..
Айтқа арналған бата
Аллаһ сені қолдасын!Адал болсаң судай бол– Су кірді кетіреді.Мықты болсаң жердей бол –Жер жаһанды көтереді.Аллаһқа жағам десең азаншы болАғайынға..
Ораза айтқа бата
Ғұмыр берсең Аллаһ бақытты қып бер,Дәулет берсең қайырлы қып бер.Әйел берсең жұмсақ сөзді, қызықты қып бер,Ұл берсең ұнамды қып бер,Қыз берсең..
Құрбан айт батасы
Кигенің кір болмасын,Маңдайың тер болмасын,Аллаһ ойыңда тұрсын,Бұл оқылған аяттарАй болсын, Сегіз пейіш ортасындаКөңілің жай болсын!Іргенекті аралап..
Ораза айтқа бата
Он сегіз мың ғаламды Жаратушы бір Аллаһ.Әуелі Аллаһым бір Аллаһ.Тілегімді қабыл ет.Ісімді Аллаһ қолдасын Періште болсын жолдасың.Батамыз біздің пәк..