Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Аспан айналып жерге түссе де, күйректікке салынба.
©  Лев Толстой
Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.
©  Лев Толстой
Ерлік жайында су жүректер, ізгілік жайында арамзалар бәрінен де көп айтады.
©  Лев Толстой
Отаншылдық – ең ізгі сезім.
©  Лев Толстой
Ақылға барынша мол қорек беруге тырыс.
©  Лев Толстой
Парасаттылықты қажет етпейтін жағдай мен маңыздыдылығы аз іс болмайды.
©  Лев Толстой
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.
©  Лев Толстой
Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді.
©  Лев Толстой
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
©  Лев Толстой
Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.
©  Лев Толстой
Ғылымның ісі – адамға қызмет ету.
©  Лев Толстой
Ұят — адам өміріндегі сенімді жол басшы.
©  Лев Толстой
Тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана — білім.
©  Лев Толстой
Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.
©  Лев Толстой
Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.
©  Лев Толстой
Күлкі сергектік тудырады.
©  Лев Толстой
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
©  Лев Толстой
Қорқақ дос, дұшпаннан да жаман, Өйткені, дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.
©  Лев Толстой
Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
©  Лев Толстой
Оқытып жатқан ақпарат оқушыға түсінікті әрі қызықты болу үшін, екі нәрседен аулақ болыңыз: оқушыға ол білмейтін және түсіне алмайтын нәрселер туралы..
©  Лев Толстой
Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.
©  Лев Толстой
Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
©  Лев Толстой
Бiз ақша салынған әмиянды жоғалтсақ қайғыра бастаймыз, ал басымызға келген, естiген немесе оқыған, егер бiз оны еске сақтап, өмiрде қолдансақ, көп..
©  Лев Толстой
Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар —ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер.
©  Лев Толстой
Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.
©  Лев Толстой