Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Сәтсіз бөліністерден шыққан Атом жүрексіз болады. (Чернобыль АЭС-на барудан шабыт алған, 1986 ж)
© Леонид Сухоруков
Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған.
Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? — «Балам біледі» дер.
© Жиренше шешен
Дүниеде не жетім?- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім..
© Жиренше шешен
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен..
© Жиренше шешен
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс..
© Жиренше шешен
Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз.
© Олжас Сүлейменов
Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады.
© Олжас Сүлейменов
Мен әр халықтың ертегілерін оқуды ұнатамын: бұл ғажап ғадет - халықтар дүниетанымын ежелгі авторлар метафоралары арқылы тануға жатады.
© Олжас Сүлейменов
Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды.
© Олжас Сүлейменов